Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

ШҚО-да таудан аққан қарғын су жер үй аулаларын шайып кетті

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында таудан аққан қарғын су жер үй аулаларын шайып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да таудан аққан қарғын су жер үй аулаларын шайып кетті

Құтқарушылар Алтай ауданы Орловка ауылында судың жер үйлерді басуының алдын алды.

Күннің күрт жылытып, қардың жылдам қарқынмен еруі салдарынан тау баурайында орналасқан бау-бақшалар мен 3 үй ауласын қарғын су басты.

«Чапаев ауылдық округі әкімдігінің және ҚР ТЖМ 68303 бөлімшесінің әскери қызметкерлерінің уақытылы атқарған жұмыстарының арқасында тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды су басу қаупі жойылды. Үй аулаларынан еріген суды сору, инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді. Адамдарды эвакуациялау қажет болған жоқ», делінген ақпаратта.

Айта кетейік, су тасқынына қарсы шараларға 19 адам мен 4 техника жұмылдырылған.