«Біз жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметін бақылауда ұстаймыз. Мәселен Алматыдағы тұрғын үй кешенінің құрылысы заңсыз жүргізілген. Рұқсат беру құжаттарын учаскенің меншік иесі де, құрылыс салушы да ұсынған жоқ. Бұл тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер құрылыс салушының аяқталмаған объектіде пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасасуға құқығы болмағанына қарамастан белсенді сатылды. Сондай-ақ құрылыс салушының үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаты болмаған», деді Қ. Өскенбаев.
Оның айтуынша, аталған тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылып, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды бұзғаны үшін құрылыс салушыға қатысты хаттама жасалды.
Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қаңтар-наурыз айларында министрліктің бейінді комитеті 32 тексеру жүргізіп, 26 нұсқама берген. Тексеру нәітижелері бойынша, 18 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.