Парламент • 13 Сәуір, 2022

Мәжілісте Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобалары талқыланды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеп, таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісте Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобалары талқыланды

фото: Zakon.kz

Заң жобасына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланған.
 
Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты – радиациялық ластанған және таза жерлерді бөлу, ластанған учаскелерде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақты оңалту және полигон жерлерін пайдалану мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту.

Министрлік кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде мамандандырылған аймақ құру жоспарланғанын да атап өтті.

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасында:

  1. бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы» арнайы аймағын құру;

  2. радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;

  3. полигон аумағында тарихи пайда болған радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту;

  4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу.

Қарау қорытындысы бойынша заң жобасы мақұлданып, әрі қарай қарау үшін Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына жолданды.