Руханият • 13 Сәуір, 2022

«Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі басталды

1177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайынғы мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өтетін «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі басталды

Аталған іс-шараның басты мақсаты – мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтау. Талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау.

Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау және қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.