Спорт • 13 Сәуір, 2022

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы анықталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов америкалық промоушендегі кезекті жекпе-жегін жазда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы анықталды

«Вестник ММА» басылымының мәліметінше, Рахмоновтың қарсыласы америкалық Нил Мэгни болмақ. Олардың жекпе-жегі әзірлену үстінде және маусым айында UFC турнирлерінің бірінде өтуі мүмкін.

Айта кетейік, екі боксшы да UFC жартылай орта салмақтағы топ-15-ке кіреді. Рахмонов - 13, ал Мэгни оныншы орында.