Технология • 14 Сәуір, 2022

Қоқыс «жейтін» робот

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында Құрсай өзегі бар. Жағалауына орындықтар қойылып, өрнектас төселген. Алайда өзектің ластануы үлкендерді ғана емес, мектеп оқушыларын да алаңдатып отыр.

Қоқыс «жейтін» робот

Сол себептен, құлсарылық 9-сынып оқушысы Бексұлтан Қожаберген мен 6-сыныпта оқитын Ақтілек Аманжол су айдынынан қоқыс жинайтын робот құрастырды. Роботтың атауы – Тrashbot. Жаңа тех­но­логияның тілін меңгеруге талпынған өрендерге Қуаныш Шалабаев жетекшілік ететін робот техникасы үйірмесіне қатысқаны септігін тигізген.

Талапты оқушылар қоқыс «жейтін» роботты Құрсай өзе­гін­де сынақтан өткізді. Жаңа роботпен екі сағатта 4-5 кило қоқыс жинауға болады. Су айды­нындағы түрлі қоқысты жи­найтын арнайы қап роботтың ішіне орналастырылған.

– Қоршаған ортаның тазалы­ғы үшін мұндай жобалардың санын арттыру қажет. Өйткені бұл елдің экономикасы мен туризмін дамытуға оң ықпалын тигізуі мүмкін. Жиналған қалдықтардан күнделікті қолданылатын қа­лам, қарындаш, пластикалық бұ­йым­дар шығаруға болады, – дейді Ақтілек Аманжол.

 

Атырау облысы