ANTIKOR • 14 Сәуір, 2022

Антикордағы ашық есік күні

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемияға қарсы шектеу шаралары кезінде жабылып қалған Қостанайдағы Antikor оrtalygy қайта жұмыс істей бастады. Сервистік орталық бірінші жұмыс күнін ашық есік күні деп жариялап, жастарға арналған тренингтер мен ашық әрі тиімді мемлекет қағидаттарын жүзеге асыру мәселелері бойынша конференция өткізді.

Антикордағы ашық есік күні

Іс-шара барысында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Серікжан Мырзалы қала тұрғындарын қабылдады.

«Antikor оrtalyǵy бұған дейін өз қызметін онлайн-форматта жү­зеге асырып келді. Өңірде эпи­д­ахуалдың тұрақтануына бай­ла­нысты бүгіннен бастап азаматтарды тікелей қабылдайтын боламыз. Сервистік орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары, заңгерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейтін болады. Енді мем­лекеттік органдар тарапынан қысым көрген кәсіпкерлер мен құқықтық көмек керек қарапайым қала тұрғындары осы орталыққа келіп жүгіне алады», деді департамент басшысы.

Орталыққа келген азаматтарға кеңес беріп, олардың шағымда­рын қарастыратын, мәселелерінің шешілу жолдарын іздестіретін іс жүргізу офицері дейтін маман­дар жұмыс істейді. Antikor оrtalyǵy алдағы уақытта мақсатты топ­тарға арналған түсіндіру және білім беру іс-шараларын ұйым­дастырып, үкіметтік емес меке­ме­лердің қызметкерлеріне арналған тренингтер, мемлекеттік орган­дардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

«Бүгін сіздер сервистік орта­лық жұмысының қаншалықты ашық екеніне көз жеткізетін боласыздар. Мұнда барлық азамат үшін мейлінше қолайлы жағдай жасал­ған. Жалпы, «Антикор орталығы» жемқорлықты жазалаудан гөрі, қауіпті қоғамдық індеттің алдын алу мәселелеріне көбірек көңіл аударатын болады», деді департаменттің ардагерлер кеңесінің өкілі Амантай Есімов.

п

 

Қостанай облысы