Мазмұнды іс-шараға аталған университет ректоры, академик Ерлан Сыдықов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Республикалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбай, жазушы Жолтай Әлмашұлы және т. б. зиялы азаматтар қатысып, сөз сөйледі.
Oitek орталығының мақсаты – заманауи ұлттық сәулет өнерін қалыптастырудың іргелі әдістерін әзірлеу және олардың ғылым нәтижелерін қала құрылысы мен түрлі сәулет нысандарын жергілікті ерекшеліктеріне сәйкес жобалау. Сондықтан жаңа ашылған орталық дәстүрлі қазақ мәдениеті саналатын қазіргі ұлттық сәулет өнерінің қалыптасуы бойынша теориялық зерттеу мен эксперименттік-тәжірибе жүргізуге арналып отыр.
Іс-шара соңында белгілі әнші Кенжеғали Мыржықбай жиналғандарға әннен шашу шашып, тамаша көңіл күй сыйлады.