Теннис • 14 Сәуір, 2022

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларымен кездеседі

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Делиде жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты іріктеу сайыстарының топтық кезеңі мәреге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларымен кездеседі

Еліміздің жас теннисшілері D тобында соңғы матчын Таиланд құрамасымен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тобынан 1-орынмен ширек финалға жолдама алды. Ертең қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін Оңтүстік Кореямен сайысқа түседі.

Жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының (әлем чемпионаты) финалдық кезеңіне тек үш команда ғана жолдама алады. Сондықтан алға қойған мақсатқа жақындай түсу үшін ертең тек жеңіс керек. Бұдан бұрын қазақстандықтар өз тобында Вьетнам мен Шри-Ланкадан айласын асырған болатын.