08 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 321

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 сәуір Астана, Үкімет Үйі Уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.Зейнетақы төлемдерін алушыларға, оның ішінде әскери қызметші­лерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға уәкілетті ұйымнан төленетін 2014 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған зейнетақы төлемдері­нің мөлшерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 4,59 пайызына арттыру жүргізілсін. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      К. МӘСІМОВ.