Қазақстандықтар елдің даму перспективасына қатысты негативті ойларға көбірек орын бере бастаған. Мұны Ұлттық банк жүргізген сауалдама қорытындысы көрсетіп беріп отыр. Жақында қаржылық қадағалаушы инфляциялық күтулер бойынша наурыз сауалдамасының нәтижелерін жариялады.

Сауалдамаға қатысушылардың 63 пайызы алдағы 12 айда баға өсімінің қарқыны сақталады немесе бұдан да жеделдейді деп күтеді. Респонденттер оны айырбастау курсының өзгеруі, азық-түліктің қымбаттауы және сыртқы саяси жағдайлармен байланыстырады.
Қатысушылардың 51 пайызы өткен айлардағы өзгеріссіз қалған не болмаса орташа өзгерген баға өсімін атап өткен. Баға тым қатты өсті деген 86 пайыз респондент негізінен азық-түлік өнімдерін меңзеген. Олар ет өнімдері, өсімдік майы, жұмыртқа және нан өнімдерінен өзге азық-түлік түрлерінің бағасы тым қатты көтеріліп кетті дейді. Қатты қымбаттаған өнімдер ретінде олар негізінен қант, сүт өнімдері, сыр, шұжық, алкогольсіз сусындар, шай мен кофені атаған.
Сауалдамаға сүйенсек, 21 пайыз қазақстандықтың жинап отырған қосымша қаржысы бар. 39 пайызы дәл қазіргі сәтте қаржы жиюға қатысты бейтарап көзқарас танытса, жинағы бар 35 пайыз респонденттің қаржылары бұрынғы деңгейінде қалған. Ал 32 пайызында жинақтары азайып кеткен. 53 пайыз қатысушының жеке материалдық жағдайы өзгеріссіз қалса, 32 пайызында айтарлықтай төмендеген.
Сонымен қатар елдің қысқа және ұзақ мерзімді дамуына қатысты көзқарастың да оптимизмнен алыстағанын байқауға болады. Алдағы 1 және 5 жыл көлемінде елдің даму перспективасын оң бағалаған қатысушылар үлесі 45 және 44 пайызды құраған. Былтыр ақпанда бұл көрсеткіш 52 және 50 пайыз деңгейінде болған екен. Олардың 28 пайызы бір жылдан соң қаржылық жағдайымыз жақсарады деп үміттенсе, 27 пайызы керісінше, жағдайымыз нашарлайды деп алаңдайды.
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар