Қазақстан • 15 Сәуір, 2022

Коллекциялық монеталар сатылымға шықты

59 рет көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясы бойынша номиналы 500 теңгелік M.KENBAEV «ÁŃGIME» коллекциялық монеталарының 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап сатылымға шыққанын хабарлады.

Монеталар kazcoins.nationalbank.kz платформасында Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

М.KENBAEV «ÁŃGIME» монеталарының сипаттамасына келер болсақ, монета дизайнында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, педагог әрі профессор М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген. Материалдарды Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі ұсынды.

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, ал жақтауында «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналы, соғылған жылы, монета жасалған металдың салмағы мен сынамасы жазылған. Жоғарғы бөлігінде «M.KENBAEV «ÁŃGIME» (1958)» деген жазу мен Ұлттық банктің тауар белгісі (логотипі) басылған.

Монетаның реверсінде суретші М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген. Композиция түрлі-түсті баспа технологиясымен жасалған. Монеталар 925/1000 сынамалы күмістен тұрады. Салмағы – 31,1 грамм, сапасы – proof 500 теңгелік номиналмен 1 500 данасы жасалды.

Соңғы жаңалықтар

Әуезов және түркі әлемі

Руханият • Кеше

Идеология

Руханият • Кеше

Мейірім мен қатыгездік

Руханият • Кеше

Ескі мен жаңа арасы

Руханият • Кеше

Би падишасы

Руханият • Кеше

Сапа қайтсе жақсарады?

Қазақстан • Кеше

Қайырымдылықтың үлгісі

Қазақстан • Кеше

Сақ дәуірінің тасы

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар