Аймақтар • 15 Сәуір, 2022

Талғарда студенттер уланып қалды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуірдің 12-сі күні Алматы облысында медициналық колледждің төрт студенті ауруханаға жатқызылды. Қыздар дөнерден уланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғарда студенттер уланып қалды

Фото: pixabay

Зардап шеккендердің екеуі әлі дәрігерлердің бақылауында.

«Қыздар Талғарда дөнер жегеннен кейін өздерін нашар сезінгенін айтты. Қазір аудандық СЭС мамандарының қатысуымен осы факті бойынша тексеру басталды», деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, тексеру жүргізу үшін дөнер сататын орынның қызметі тоқтатылған.

«Тексеру қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады», деді баспасөз қызметі.