«Тұран» басшылығы қос тараптың келісімі бойынша Фархадбек Ирисметовпен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады.
«Осы төрт айда үлкен тәжірибе жинадым. «Тұранға» осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін рахметімді айтамын. Спорттық жағынан да, тұрмыстық жағынан да жылулық көрдім», деді Фархадбек Ирисметов.
Осы ретте клуб ұжымы да пікір білдірді.
«Біз Фархадбек Ирисметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, кәсіби мансабына тек сәттілік тілейміз», делінген клубтың мәлімдемесінде.