Президент • 15 Сәуір, 2022

Президент Қазақстанның Қытайдағы елшісін қабылдады

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қазақстанның Қытайдағы елшісін қабылдады

Кездесуде Президент Қытай Халық Республикасымен арадағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесіне назар аударды.

Жоғары деңгейдегі келісімдерді, соның ішінде Мемлекет басшысының биылғы ақпан айында Пекинге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру қажет екеніне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, экономиканың маңызды секторларындағы серпінді инвестициялық жобаларды дамытудың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды нығайтудың маңызды екенін айтты.

Халықаралық және өңірлік деңгейдегі, соның ішінде ШЫҰ, АӨСШК алаңдарындағы байланыстарды нығайту мәселелері де жаңадан тағайындалған елшінің жұмысындағы маңызды бағыттардың қатарына қосылды.