Аймақтар • 15 Сәуір, 2022

Семейде «Сергек» камералары маусым айында іске қосылады

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында «Сергек» камералары маусым айынан бастап іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде «Сергек» камералары маусым айында іске қосылады

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, аймақ басшысы Даниал Ахметов Семейде «Сергек» фото және бейнетіркеу жобасын іске асыру мәселесі бойынша жиналыс өткізген.

«Қалада 616 камера 74 желілік учаскеге және 40 адам көп шоғырланған қиылысқа орнатылады. Бұдан бөлек, тағы 687 сыртқы бейнебақылау камерасы қосымша жұмыс істейтін болады. Әзірге кей жерлерде орнатылған камералар тест режимінде іске қосылған», деді ол.

Әлеуметтік және бизнес нысандарындағы барлық камералар да «Сергек» жүйесіне біріктірілмек.

«Ситуациялық орталық пен деректерді өңдеу орталығы қай жерлерде орналасатыны белгілі болды. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Маусым айында аппараттық-бағдарламалық кешендер толықтай іске қосылады», деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, шаһар тұрғындары қандай да бір сауалдары болса «109» анықтама қызметіне хабарласа алады.