Қоғам • 15 Сәуір, 2022

Атырауда қос азаматтықпен жүргендер анықталды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында 5 адам екі елдің азаматтығымен жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда қос азаматтықпен жүргендер анықталды

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қос елдің азаматтығы бар 5 адамды анықтаған.

«Аталған адамдарда Қазақстан Республикасының азаматтығы болған. Оған қоса Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны анықталды. Осыған байланысты оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оларға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», деп мәлім етті Нұрхат Оразбаев.

Оның айтуынша, былтыр 33 адамның қос азаматтықпен жүргені белгілі болған. Сот шешімімен 9 адам еліміздің аумағынан тысқары шығарылған.

Ал, 24 адамға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалған.