Аймақтар • 16 Сәуір, 2022

Павлодарда субұрқақтар уақытынан бұрын іске қосылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоспар бойынша шаһардағы субұрқақтар 25 сәуірден бастап іске қосылу керек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда субұрқақтар уақытынан бұрын іске қосылды

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні 3 субұрқақ іске қосылған. Олар: «Айналайын» саябағындағы екі субұрқақ пен Қаныш Сәтпаев атындағы саябақтағы бір субұрқақ.

- Өзге субұрқақтарды маусымға дайындау жұмысы жалғасуда. Мамандар құрылғыларды тазартып, сорғыларды орнатып, су толатын шарасын жөндеуде. 25 сәуірге дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтап, субұрқақтарды толық іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді әкімдікте.

Айта кетейік, Павлодар қаласында барлығы 24 субұрқақ бар. Оның ішінде 21 субұрқақ коммуналдық меншікте.