Спорт • 16 Сәуір, 2022

Әлем кубогы: Руслан Құрбанов семсерлесуден жартылай финалға шықты

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Әлем кубогы: Руслан Құрбанов семсерлесуден жартылай финалға шықты

Бұл күндері Парижде (Франуия) семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Руслан Құрбанов жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салды. Оның ширек финалда қарсыласы Египет спортшысы Мохаммад Эльсаед болды.

Екеуара кездесу 15:14 есебімен аяқталып, жартылай финалға шықты.
Финал үшін бәсекеде Руслан Құрбанов франциялық Александра Барденетпен кездеседі.

Айта кетерлігі, әлем кубогі 17 сәуірге дейін жалғасады.