Оқиға • 18 Сәуір, 2022

Ақтөбеде қоғамдық көлік дүкенге соғылды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде №7 бағытта жүрген қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде қоғамдық көлік дүкенге соғылды

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең қаладағы Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында болған. Автобус алдымен қоршауға кейін дүкенге соғылған.

«Автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, тежегіш істен шыққан», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кестек, автобус соғылған дүкенде балалар киімі сатылған. Оның терезесі қирады. Ал жанындағы жұмыс орнының қасбеті бүлінген.