Қазақстан • 18 Сәуір, 2022

Ashyq қосымшасының әзірлеушілеріне айып тағылды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ashyq платформасының әзірлеушілеріне айып тағылды. Бұл туралы елордалық сот хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ashyq қосымшасының әзірлеушілеріне айып тағылды

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесіне «Ashyq платформасы» бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап бойынша іс Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісінде жатыр», делінген Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотта сот отырысының күні мен уақыты туралы қосымша хабарланатыны атап өтілді.