18 Мамыр, 2010

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАЛАР ТІЗБЕГІ

737 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
17 мамырда Еуропадағы қау­іпсіздік және ынтымақтастық ұй­ымының Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хат­шысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Ауғанстан Ис­лам Республикасына ресми са­пары басталды. Сапар барысында Ауғанстан президенті Хамид Кар­займен, Сыртқы істер министрі Залмай Расулмен, Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Бас хатшысының сол елдегі арнайы өкілі Стефан Де Мистурамен, Еуропа Одағының арнайы өкілі Вигаудас Ушац­каспен кездесулер жоспарланған, деді дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов. Отандық дипломатия жетек­ші­сінің былтыр қараша айында жа­саған Ауғанстанға ресми са­пары барысында Білім беру са­ласындағы екіжақты ынтымақ­тас­тық туралы келісімге қол қой­ылғаны мәлім. Нұрсұлтан Назар­баев пен Хамид Карзайдың бас­тауы­мен әзірленген құжатқа сәй­кес 2010-2015 жылдар аралы­ғын­да 1000-нан астам ауған жастары Қазақстанның арнаулы орта және жоғары оқу орындарында бейбіт мамандықтар бойынша дәріс алады. 17 және 19 мамыр аралы­ғын­да Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақ­стан­ның төрағалығы аясында Вар­шавада “Сот жүйесінің тәу­ел­сіздігін және қоғамның әділет­ті­лікке қолжетімдігін нығайту” та­қырыбында гуманитарлық өлшем бойынша халықаралық семинар өтеді, деп жалғады сөзін ресми өкіл. Іс-шараға Ұйымға қатысу­шы 56 мемлекеттің ресми деле­га­циялары, БАҚ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Қазақстанның ресми делегациясы құрамына Сыртқы істер министрлігі, Жо­ғар­ғы Сот және Бас прокуратура өкілдері енген. А.Абдрахманов келесі кезекте 17 және 18 мамырда Қы­зылор­дада Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың Атқарушы дирекциясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталы­ғы­ның ұйымдастыруымен “Қа­зіргі таңда қазақстандық Арал өңі­ріндегі су және экологиялық қауіпсіздік мәселелері” атты дөң­­­гелек үстел өтетінінен хабардар етті. Аталған іс-шараға Польша, Австрия, Испания, Норвегия, Фин­ляндия, Чехия және тағы да бірқатар дипломатиялық өкіл­діктердің басшылары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдар­ламасы, Ислам даму банкі, Еура­зия даму банкі және тағы да бас­қа халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде екені назарға салынды. Брифинг барысында 19 және 20 мамырда Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің Беларусь Рес­публикасына жұмыс сапары бола­тыны, сапар барысында екі мем­лекеттің Үкімет басшылары ара­сында шағын құрамдағы ке­ліссөздер өткізу жоспарланғаны, сондай-ақ, Кәрім Мәсімовтің екі­жақты іскерлік форумға қаты­са­тыны белгілі болды. Іскерлік фо­рум­ға 130-дан астам қазақ­стан­дық кәсіпкер қатысады деп кү­тілуде екен. Ал Кәрім Мәсімовтің 21 мамырда Петерборда өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңе­сі­нің кезекті отырысына қатыса­тыны да айтылды. 23 және 26 мамыр аралығын­да Түрік Республикасының пре­зи­денті Абдолла Гюль Қазақ­­стан­ға ресми сапар жасайды, деді қо­рытындысында ресми өкіл. Сапар шеңберінде Абдолла Гюльдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты келіссөздері күтілуде. Солардың барысында екіжақты қатынастар және халықаралық аренадағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланбақ. Сондай-ақ, Түркия прези­ден­тінің Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесулері жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады. “Егемен-ақпарат”.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20