Қазақстан • 19 Сәуір, 2022

Азия чемпионаты: Төрт балуанымыз грек-рим күресінен финалға шықты

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Азия чемпионаты: Төрт балуанымыз грек-рим күресінен финалға шықты

Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық балуан финалға жолдама алды.

Құрлықтық біріншіліктің алғашқы күнінде грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар боз кілемге шықты. Іріктеу кезеңінде Қазақстан сапынан Аманғали Бекболатов, Мирамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов финалға шықса, Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. 

Финал елорда уақытыман сағат 16:00-де басталады. 

Қазақстандық спортшылардың финалдық кезеңдегі қарсыластары келесідей болмақ: 

Финал

55 кило: Аманғали Бекболатов - Ю ШИОТАНИ (Жапония)

63 кило: Мирамбек Айнағұлов - Тынар Шаршенбеков (Қырғызстан)

77 кило: Ақжол Махмудов (Қырғызстан) -  Мақсат Ережепов

130 кило: КИМ Минсок (Оңтүстік Корея) - Әлімхан Сыздықов

Жұбаныш финалы (қола жүлде үшін белдесу)

87 кило: Мелис Айтбеков (Қырғызстан) - Нұрсұлтан Тұрсынов