Білім • 19 Сәуір, 2022

4 ЖОО мен 29 колледж жабылуы мүмкін – БҒМ

562 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда жабылу сатында тұрған жоғары оқу орындары мен колледждерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 ЖОО мен 29 колледж жабылуы мүмкін – БҒМ

«Президент шетелдік университеттердің кемінде бес филиалын ашуды тапсырды. Елде Монтфорт (Лестер) университетінің филиалы жұмыс істейді. Сондай-ақ Қозыбаев атындағы СҚО университетінің базасында Аризона университетінің филиалы құрылады. Сондай-ақ Атырау мен Алматыда жетекші шетелдік техникалық университеттер ашылады. Қазір тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр», деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, кадрларды сапалы даярлау үшін бақылау екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі - лицензиядан айыру немесе сапасыз ЖОО немесе колледжді жабу. Екіншісі - жоғары оқу орнын немесе колледжді бейіндеу, лицензияға бейінді емес және талап етілмеген қосымшаларды қайтару.

«Қазіргі уақытта 15 жоғары оқу орны мен 31 колледж жабылды. Тағы 4 ЖОО мен 29 колледж жабылу сатысында. 61 ЖОО-дағы лицензияларға 500 қосымшаны және 375 колледждегі 2200 қосымшаны қайтару қамтамасыз етілді. Педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайды. Ал заңгерлерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды», деді БҒМ басшысы.

Ол бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатынын айтты.

«IT» және «Туризм» мамандықтары бойынша біліктілік талаптарына экономиканың нақты секторынан практик-мамандарды тарту бойынша өзгерістер енгізілді делік. Тек профессорлар ғана емес, сонымен қатар практиктер, мысалы, бағдарламашылар да сабақ беруі керек. Олардың оқу орындарына келіп, өз тәжірибелерімен бөлісуі маңызды. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге лицензиялау енгізілді. Бұл ережені Мәжіліс пен Сенат қолдады», деп қосты Асхат Аймағамбетов.