Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйі ашылды

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйі ашылды

Көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығын мерекелеу аясында мұражай қалпына келтіріліп, мұражай-үй болып қайта ашылды.

Мұражайдың ашылу рәсіміне қала әкімі Ерболат Досаев, Д.А.Қонаевтың Халықаралық қоғамдық қорының төрағасы Эльдар Қонаев, Д.А.Қонаевтың жиені Диар Қонаев, оның жеке дәрігері Ахат Мулюков, досы әрі серіктесі Александр Гойколов қатысты.

к

Реставрация және экспозиция процесіне мұражай және мұрағат ісі саласындағы жетекші мамандар, дизайнерлер, мүсіншілер, суретшілер, бейнеинженерлер және басқалары тартылды. Жұмыс барысында Қонаевтың Халықаралық қорымен келісілген тұжырымдама мен жобаның эскизі әзірленді.

е

Реэкспозиция тақырыбының негізіне саясаткердің ел өміріндегі маңызды тарихи оқиғаларға деген жеке көзқарасын суреттейтін «Сталиннен Горбачевке дейін» автобиографиялық кітабы арқау болды.

Мұражайда хронологиялық тәртіпте орналастырылған мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер мен экспонаттар Дінмұхаммед Қонаевтың көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер ретіндегі алып тұлғасын бейнелейді.

Айта кетсек, барлық экспонаттар, соның ішінде Дінмұхамед Қонаевтың жеке заттары бұрынғы қалпында сақталды.

к

Мұражай заманауи сандық және мультимедиялық технологиялармен жабдықталды, енді саясаткердің өмірі мен қызметіне қызыққан келушілер аудио нұсқаулықтарды қолдана алады.

Еске сала кетсек, мұражай 2002 жылы Қонаевтың 90 жылдығына орай ашылған еді.  Бүгінде мұражай қорында 8 196 экспонат бар.

,

е