Спорт • 19 Сәуір, 2022

Азия біріншілігінде үш қазақстандық күміс медаль алды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатында грек-рим күресінен үш қазақстандық балуан күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия біріншілігінде үш қазақстандық күміс медаль алды

Финалда қазақстандық Аманғали Бекболатов (55 келі) жапониялық Ю Шиотаниге, Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) қырғызстандық Тынар Шаршенбековке есе жіберді.

Ал Мақсат Ережепов (77 келі) қырғызстандық Ақжол Махмудовқа жол берді. Енді Әлімхан Сыздықов оңтүстік кореялық Минсок Киммен бас жүлдені сарапқа салады.

Жұбаныш финалында Нұрсұлтан Тұрсынов қырғыз балуаны Мелис Айтбековпен кездеседі.

Айта кетсек, Азия чемпионатына ел намысын 10 балуан қорғауға аттанған.