Бұған дейін ол «Қазмедиа орталығы» ЖШС Бас директоры болған. 1991 жылы Семей технологиялық институтын «Экономист» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Л. Жүнісова еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған.
2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды. 2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды.
2012-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың мамыр айынан «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы ЖШС Бас директоры болды.