Теннис • 20 Сәуір, 2022

Қазақстандықтар рейтингте жоғарылады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) және әйелдер теннисі қауым­дастығы (WTA) жаңартылған рейтин­гін жария етті. Қазіргі таңда еліміздің үш теннисшісі ТОП-100 спортшының қатарында тұр.

Қазақстандықтар рейтингте жоғарылады

Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик қатарынан екінші аптада өз көрсеткішін жақсартып келеді. Өткен рейтингте 36-сатыда тұрған ол бұл жолы үш орын жоғарылап, 33-орынға көтерілді. Сонымен қатар Дмитрий Попко 173-тен 171-ші, Тимофей Скатов 193-тен 191-ші орынға көтерілсе, Михаил Кукушкин 162-ден 167-орынға сырғыды. Денис Евсеев 347-ші, Бейбіт Жукаев 512-орындарын сақ­тап қалды. Жұптық сында Андрей Голубев 26-шы, Александр Недовесов 62-сатыда тұрса, Григорий Ломакин 242-сатыға жо­ғарылады.

Ал әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 19-орында тұрақтады. Ал Юлия Путинцева 52-ден 51-ші, Зарина Диас 113-тен 112-ші орынға көтерілді. Жұптық сында Анна Данилина 20-шы, Жібек Құламбаева 301-ші, Гөзал Айнитдинова 498-сатыға жайғасқан.