А тобында сынға түскен жерлестеріміз бес ойынның екеуінде жеңіске жетіп, үш кездесуде қарсыластарына жол берді. Алғашқы екі матчта Норвегия (2:9) және Франция (2:4) құрамаларынан жеңілген қазақстандық жас хоккейшілер кейінгі екі кездесуде Дания мен Жапониядан басым түсті. Үшінші турда Дания хоккейшілерін 4:2 есебімен ұтса, төртінші турда Жапония жасөспірімдерінен жеңіліп жатып, 4:3 есебімен соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды. Ал қорытынды, бесінші турда мұзайдын иелерімен кездесіп, Словакия құрамасынан 5:3 есебімен жеңіліп қалды.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, А тобының алғашқы екі орнын иеленген Словакия мен Норвегия құрамалары топ-дивизионға жолдама алса, Франция хоккейшілері үшінші орынға ие болды. Ал соңғы орында қалып қойған Жапония В тобына сырғыды.