Оқиға • 20 Сәуір, 2022

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған төрт күдікті қамалды

3381 рет көрсетілді

19 сәуір күні Алматыда «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тағы үш фигурант анықталды. Мәселе «MUDARABAN CAPITAL» серіктестігінің қатысушылары – бұған дейін «кепілмен босату» бұлтартпау шарасы таңдалған Ш. және Т.есімді азаматтар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысына «үйқамаққа» алынған М. және К.есімді азаматтар турасында болып отыр», деді ведомстводан.

Еске салайық, аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді.

«Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық істі қаржы пирамидасын құру және ұйымдастыру фактісі бойынша «ASTEX.KZ» ЖШС және «ACD technology» ЖШС-лардың лауазымды тұлғаларының үстінен азаматтар тобы берген ұжымдық арыз негізінде тіркеген болатын», деді қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Анықталғандай, 2009 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында аталған ЖШС-лардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алуларға қатысу желеуімен ақша қаражатын тарту үшін жеке және заңды тұлғалармен бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасасқан.

«Екіжақты құжатқа сәйкес фирмалар әрбір салымшыға ай сайын салынған суммадан 20 пайыз төлеп отыруы тиіс болған. 5 млрд теңге көлеміндегі ақша қаражаты «ASTEX.KZ» ЖШС-ға 162 салымшыдан өзге компания - «MUDARABAН CAPITAL» ЖШС-дан түсіп отырған», деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.

Кейін тергеу соты екеуіне қатысты «кепілмен босату» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Үшінші күдікті – тағы бір танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.

15 сәуір күні Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаржы пирамидасын құру ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлім еткен еді.

«Қазір іс бойынша тергеу аяқталды, яғни таныстыру кезеңі өтіп жатыр. Осы қылмысқа қатысты барлық күдіктінің іс-қимылына баға беріліп, оларға айып тағылды. Бұл рәсімдер аяқталғаннан кейін, оны прокурорға жолдайды. Өз кезегінде прокурор істі сотқа бағыттайды», деген еді Бас прокурордың орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі валюта бағамы

Қаржы • Бүгін, 10:17

Елімізде 9,5 млн адам екпе салдырды

Коронавирус • Бүгін, 09:49

COVID-19: Елімізде 1338 адам емделіп шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:08

Қайта кесілген тұсау

Аймақтар • Бүгін, 08:58

Боз кілемде – бұрымдылар

Спорт • Бүгін, 08:55

«Барыс» жеңіске жетті

Спорт • Бүгін, 08:54

Еленаның екпіні күшті

Спорт • Бүгін, 08:53

«Спартак» кіммен айқасады?

Спорт • Бүгін, 08:48

Тұрсынғали турнирі

Спорт • Бүгін, 08:46

Жүлдегерлер марапатталды

Спорт • Бүгін, 08:45

Жыр жүйрігі Тасберген

Руханият • Бүгін, 08:39

Есірткі сатып есірген

Аймақтар • Бүгін, 08:37

Ұқсас жаңалықтар