«Somon Air» тәжік әуе компаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттырмақ. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді», делінген министрлік хабарламасында.