Қаржы • 20 Сәуір, 2022

Тимур Жақсылықов жаңа заң жобасын таныстырды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Тимур Жақсылықов «ҚР Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу жөніндегі» Заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимур Жақсылықов жаңа заң жобасын таныстырды

«Заң жобасымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 трлн 30 млрд теңгеге дейін ұлғайту қарастырылуда. Жалпы қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жалпы Ұлттық қордың нысаналы көрсеткіштері фискалды шектеулер шегінде сақталады. Қолдауларыңызды сұраймын», деді Тимур Жақсылықов Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасын отырысқа қатысқан 101 депутаттың барлығы мақұлдады.