Спорт • 20 Сәуір, 2022

Головкин мен Муратадан допинг анықталған жоқ

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Допингке қарсы ерікті қауымдастық (VADA) Геннадий Головкин мен Риота Муратаның 9 сәуірдегі жекпе-жегі сынақтан сәтті өткенін мәлімдеді. Бұл туралы Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Головкин мен Муратадан допинг анықталған жоқ

Головкин мен Мурата арасында орта салмақтағы WBA Super және IBF титулдары үшін жекпе-жегі Сайтамада (Жапония) өтті. GGG қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Бұған дейін VADA боксшылардың тыйым салынған заттары бар-жоғын анықтайтын тексерістен өткенін хабарлаған болатын. Тестілеу екі спортшының да «таза» екенін растады.