Қазақстан • 20 Сәуір, 2022

Қазақстанда прокуратураның жұмысы қайта қаралуы мүмкін

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда прокуратураның жұмысы қайта қаралуы мүмкін

Құжат әзірлеушілерінің айтуынша, қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау органын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді.

«Прокуратура туралы» жаңа заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту жоспарланып жатыр.

Атап айтқанда, прокурор актілерінің қолданыстағы жүйесін қылмыстық қудалау саласындағы актілермен толықтыру ұсынылады, олардың тәртібі қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларымен реттеледі. 

Институционалдық өзгерістермен қатар прокурорлық қадағалау актілерінің жүйесін кеңейту ұсынылады. Бұл актілер азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін жылдам қорғау мақсатында қолданылады.

Бұдан басқа прокуратура қызметінің құқықтық кепілдіктерін нығайту көзделген.

Әзірлеушілердің айтуынша, қолданыстағы заңнама прокуратура органдарының конституциялық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Сондай-ақ тексерулерді жүргізу және тағайындау тәртібін қайта қарау қажеттілігі туындап тұр.

Құжат 16 мамырға дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.