Спорт • 20 Сәуір, 2022

Қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы Ернар Фидахметов Ұлан-Баторда өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Финалдық жарыстың екінші күні Ернар Фидахметов (60 кг) үшінші орын үшін айқаста кілем иесі - моңғол палуаны Балиннямды жеңді. Есеп - 12:6.

Ернұр Фидахметовтен бөлек, медальдар үшін тағы төрт қазақстандық балуан бақ сынайды.

Финал (67 кг): Мейіржан Шермаханбетов - Хансу Риу (Корея).

Финал (72 кг): Абылайхан Әмзеев - Мохамад Реза Хойотолла Мохтари (Иран).

Финал (82 кг): Диас Қален - Расул Саде Гармсири (Иран).

Үшінші орын үшін айқас (97 кг): Санжар Серікхан - Такихито Цурудо (Жапония).