«Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 54 пайызы әйелдер, қалғаны ер адамдар. Көбіне отбасылық жанжалдан туындайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегенде тек ерлі-зайыптылар арасындағы проблема ғана емес, әке мен бала арасындағы келіспеушілік немесе жанжал да жатады. Сол секілді бауырлардың арасында болуы да мүмкін. Осыған ұқсас жайттар тұрмыстық зорлық, күш көрсетуге жатады», дейді ол.
Айта кетсек, жыл басынан бері 2700-ден астам әйел дағдарыс орталығына жіберілген.