Республиканың облыстық прокуратурасының мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан тағы алты адам түрлі дене жарақатын алған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Табиғи апат салдарынан 100-ден астам адам эвакуацияланды, су астында қалған 260 үйдің 53-і толығымен қирады.
Сондай-ақ Самарқан облысында үйлер мен көшелерді су басқан, Қашқадария және Науаи облыстарында да су тасқыны тіркелді.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы 10-15 жылда тұрақты түрде ауа райының жылынуы (орташа температураның жылына 1,5%-ға артуы) жауын-шашынның ұлғаюына, соның салдарынан су тасқыны мен селдің жиілеуіне әкеп соғады.
2021 жылдың шілде айында Қырғызстанмен шекаралас, Өзбекстанның шығысындағы Наманган облысында нөсер жауын салдарынан сел жүріп, 8 адам көз жұмып, алтауы зардап шеккен болатын.