Қазақстан • 22 Сәуір, 2022

Қазақстанда прокуратураның мәртебесі өзгереді

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы» нормативтік-құқықтық саясат жөніндегі консультативтік-кеңес құжаты әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда прокуратураның мәртебесі өзгереді

фото: Zakon.kz

Жаңа заң заңдылықты неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін тиімді құралдар мен тетіктерді шоғырландыру жоспарлануда.

Прокурорлық актілердің қолданыстағы жүйесі қылмыстық қудалау саласындағы актілермен (мысалы, айыптау актісімен, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хаттамамен, қылмыстық қудалау хаттамасымен және т.б.) толықтырылады.

Сонымен қатар жоспарда:

  • прокуратура органдарын қаржыландыру жүйесін қайта қарауға;

  • прокуратураның нормашығармашылық қызметін оңтайландыру (атап айтқанда, өзекті мәселелерге жедел ден қою үшін құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекеттік тіркеусіз қабылдаудың ерекше тәртібіне жол беру);

  • қадағалаудың әрбір саласы бойынша прокурордың өкілеттіктерін нақтылауға;

  • прокуратураның құқық қорғау институттарымен (Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және жұртшылықпен – БАҚ, ҰКП-мен) өзара іс-қимылын күшейту;

  • прокуратура азаптауды тергейтін уәкілетті органға айналады;

  • тексерулерді жүргізу және тағайындау тәртібі қаралады.