«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Италия авициялық билігінің арасындағы қолданыстағы өзара уағдаластық келісім аясында аталған елдер арасында тұрақты әуе рейстерін орындау үшін құқықтық база құрылды», дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Милан – Алматы – Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері ағымдағы жылдың 12 маусымынан басталады. Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылмақ.