Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен күш сынасты.
Е.Маклакова мен К.Зайцева осы доданың екінші ракеткалары еді. Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Олар екінші сетте де осы қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4.
Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді.