Ауа райы • 25 Сәуір, 2022

Алдағы күндері 30 градусқа дейін күн ысиды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 26, 27 және 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері 30 градусқа дейін күн ысиды

Болжамға сәйкес, алдағы күндері антициклон келеді. Бұл - жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді: күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25 градусқа дейін жылы, орталықта 8-18-ден 15-23 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 18-28-ден 23-30 градусқа дейін жылы, батыста 20-28 градус жылы, шығыста 10-18 градус жылы, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады.

«Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл мен жел күшейеді», делінген хабарламада.