Аймақтар • 26 Сәуір, 2022

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге толық көмек көрсетіледі. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы құрылған комиссия шығын көлемін есептеп жатыр.

Есеп-қисап жұмыстары біткен соң, үй жануарларының шығынына ережеге сәйкес өтемақы төленеді, тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі, ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры жөнделеді, шаруашылық ғимараттарды реттеуге көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, 24 сәуірде Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында жауын-шашын мен Кентау қаласында қатты жел соғып, табиғи апат болды. Соның салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны жоқ.

Алдын ала есеппен, 53 үйдің ауласына, 19 үйге, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сонымен қатар 370 бас мал шығыны тіркеліп отыр.