Қазақстан • 26 Сәуір, 2022

Асқар Омаров Алматы медиа қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚДМ Басшысы Асқар Омаров Алматы медиа қоғамдастығы өкілдерімен медиа заңнаманы қайта қарастыру мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Омаров Алматы медиа қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Шараға баспа басылымдарының, телеарналардың және интернет-ресурстардың басшылары қатысты.

,

Министр өз сөзінде, Президенттің Жолдауы аясында ведомство  алдына салалық заңнаманы қайта қарастыру міндеті қойылғанын атап өтті.

Жалпы талқылау барысында медиа заңнаманы қайта қарастырудың  бірқатар тетігі жөніндегі жалпы түсінік айқындалды.

,

Сонымен қатар министр кездесуге қатысушыларды өз ұсыныстарын енгізуге және заң жобасын әзірлеуге белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта министрлікке азаматтар мен ұйымдардан заңнаманы қайта қарастыру бойынша ұсыныстар келіп түсуде.