«Жедел-іздестіру шарасы барысында сәуірдің 25-де жоғалған Виталий Садвакасов Степногор қаласынан табылды. Бозбаланың сөзінше, ол туған қаласына жолай кездескен көлікпен жеткен. Оның Степногор қаласындағы шағынауданда жүргенін көрген адамдар полицияға хабарлап айтты», деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, жоғалған жасөспірімді іздеуге Көкшетау қалалық полиция басқармасы және Краснояр учаскелік полиция бекетінің жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды.