Аймақтар • 26 Сәуір, 2022

Павлодарда қант жеткізуші кәсіпкерге айыппұл салынды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпкер ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаментіне қант бағасына жүргізілген мониторинг кезінде сұралған мәліметті уақтылы ұсынбаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда қант жеткізуші кәсіпкерге айыппұл салынды

Монополияға қарсы департаменттің сұрауына «Риза-ПВ» ЖШС-ға қатысты ақпаратты уақтылы бермеу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп Pavlodarnews.kz құзырлы ведомства хабарламасын алға тартады.

Кәсіпорын құқық бұзушылық жасау фактісін мойындағанын ескере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабы шеңберінде қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібі қолданылды, ол 50% мөлшерде (Т153 150) айыппұл төлеуге міндеттелді.