Марқұмдардың 195-і – бала. Тағы 3 мыңнан астам адам жарақат алған. Қаза тапқандардың көбі – зымыран, әуе шабуылы, ауыр артиллерия мен реактивті жүйеден соққы алғандар.
Қазір Украина Сыртқы істер министрі БҰҰ-дан Мариупольдегі халықты эвакуациялау үшін Ресейге қысым көрсетуді сұрап отыр. Өйткені сейсенбі күні ұйым басшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде Владимир Путинмен кездеседі. Ал, бейсенбі күні Киевке жол тартып Владимир Зеленскиймен жүздеспек.