Үкімет • 27 Сәуір, 2022

Қазақстан ЭЫДҰ аясындағы бағдарламаны 2024 жылға дейін ұзартуға ниетті

295 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үкіметте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ЭЫДҰ аясындағы бағдарламаны 2024 жылға дейін ұзартуға ниетті

Кеңесте баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ЭЫДҰ-мен тиімді ынтымақтастықты жалғастыру үшін Қазақстанның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысуы туралы келісімнің қолданылу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту қажет екенін хабарлады.

Бағдарлама инвестициялар тарту, Еуразияда бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында іске асырылады. Қазақстан оған 2008 жылдан бері қатысып келеді.

Бұдан басқа, ЭЫДҰ желісі бойынша ынтымақтастықтың басым салаларын айқындайтын негізгі құжат болып табылатын Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қолданысын 2023-2026 жылдарға ұзарту талап етіледі.  Сондай-ақ кеңес барысында ҚР мемлекеттік органдарын ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне бекітетін Қазақстанның ЭЫДҰ-мен 2025 жылға дейінгі өзара іс-қимылының өзектендірілген бағдарламасы қаралды.

Жаңартылған бағдарламаның негізгі бағыттары ұлттық статистика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бизнес ортаны дамыту және инвестициялар тарту, мемлекеттік басқару және заң үстемдігі болды. Кеңесте ұзақ мерзімді серіктестікке жаңа серпін беру үшін ЭЫДҰ тарапы бастамашы болған 2022-2025 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарының (Action Plan) жобасы қаралды. 

Action Plan-ға бірқатар тақырыптық шолу (елдің экономикалық жүйесінің ағымдағы жай-күйінің ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестігіне талдау жасау кіреді, оның нәтижесі бойынша ұсынымдар беріледі), үш құқықтық құралға қосылу (ЭЫДҰ нормативтік құжаттары, оның ішінде шешімдер, ұсынымдар мен кодекстер) және талдамалық құралдар бойынша жұмыс жүргізу кіреді.

Сондай-ақ кеңес барысында біздің еліміз қабылдаған міндеттемелер шеңберінде ЭЫДҰ желісі бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін Ұлттық байланыс орталығының қызметі қаралды. ҰБО мақсаты – трансұлттық компаниялардың ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапкершілікпен жүргізу жөніндегі басшылық қағидаттарын бұзуы туралы өтініштерді қарау. Қазақстан аумағында ҰБО тиімді жұмыс істеуі үшін 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді, онда ұйымдастыру іс-шаралары: нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру, семинарлар/вебинарлар өткізу, өтініштерді қарау қамтылады.

Премьер-Министр ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың аталған бағыттарын мақұлдады. Бұл ретте Әлихан Смайылов Қазақстан үшін маңызды емес шығындарды алып тастау үшін бірқатар жекелеген тармақты орындаудың орындылығын тағы бір пысықтауды тапсырды. 

«Бүгін айтылған мәселелердің маңызы зор. ЭЫДҰ ұсынымдарын жүзеге асыру және стандарттарын енгізу – Ұйымға қосылумен қатар, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартудың да негізгі қадамы», деп атап өтті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025