Президент • 29 Сәуір, 2022

Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ алуы тиіс - Президент

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірлік пен бейбітшіліктің мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ алуы тиіс - Президент

«Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз», деді Мемлекет басшысы.