Президент • 29 Сәуір, 2022

Тоқаев: Мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін естен шығармаңыз

1247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпұлтты мемлекеттерде ұлттық бірлікті сақтаудың өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін естен шығармаңыз

«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, сіз де осыны естен шығармаңыз, қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға, бірақ басқа тілдерді кемсітпеуге және зиян келтірмеуге шаралар қолдануыңыз керек. Бұл басқа тілдерде сөйлейтін адамдар мен азаматтарға да қатысты айтылған», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттерде, әсіресе көпұлтты мемлекеттерде ұлттық бірлікті сақтаудың өте маңызды екенін атап өтті.

«Тілге қатысты кемсітушілікке жол жоқ. Бұл сұраққа Конституция нақты жауап береді. Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, бірақ орыс тілі де еліміздің Конституциясында лайықты орын алады. Ендеше осыдан бастайық», деді Мемлекет басшысы.