Осы жылдың 1-8 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ш.Айманов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Ы.Дүкенұлы көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген бейінді басқарманың хабарламасында.